Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

Сауалнама нәтижелері қазақстандықтарды бірінші кезекте АЭС-ның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін әсері толғандыратынын көрсетті.

Мысалы, «Сіз бірінші кезекте құрылысы жоспарланған атом электр станциясы (АЭС) туралы қандай ақпаратты білгіңіз келеді?» деген сұраққа: 49,5% «халықтың денсаулығына әсерін» атап өтті, ал 42,9% «қоршаған ортаға әсерін» атап өтті. Респонденттердің тағы 22,8%-ы «авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары» деген жауап нұсқасын таңдаған.

Алынған қорытындылар үкімет, сарапшылар және қоғам арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын көрсетеді. Атом электр станциясының құрылысы тек техникалық ғана емес, сонымен қатар азаматтардың белсенді қатысуын талап ететін әлеуметтік жоба.

Сауалнаманы 2024 жылғы 18 тамыз бен 17 қыркүйек аралығындағы кезеңде «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ жүргізді. Зерттеуде жеке сұхбат (face-to-face) әдісі қолданылды.

Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Іріктеу көлемі 8000 респондентті құрайды.

Статистикалық қателік 2,9%-дан аспайды.

ОСК-ның 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 3Т-2024-05252505 ресми мәлімдемесі.