Кандидаттар медициналық колледж ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Гүлнара Загирова мен Диас Алтынбек бүгін Жезқазған қаласындағы Жоғары медициналық колледж ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті. 
Атап айтқанда, алдағы бес жылда Ұлытау облысында 10 денсаулық сақтау нысанын ашу, инклюзивті спорт кешенін және 100 орындық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын салу жоспарланған.
Сонымен қатар 14 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту көзделген.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.