28.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы28.10.2026
Ақпарат ағыны

Президент орынсыз шығынды болдырмау үшін ЖИ пайдалануды ұсынды

28.10.2026 · 13:44 · admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын жоспарлау мен басқару сапасын арттырып, негізсіз шығындардың алдын алу үшін ЖИ технологияларын пайдалануды ұсынды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджет саясатын реттеу маңызды.

Былтыр қабылданған Бюджет кодексі мемлекет қаржысын тиімді басқаруға және қаржылық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берген.

– Дегенмен шығындардың жыл санап көбейіп бара жатқанын ескерген жөн. Сол себепті қазына қаржысын жоспарлау және басқару сапасын одан әрі арттыру қажет. Орынсыз, тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндігін пайдаланған дұрыс, – деді Президент.

Сондай-ақ мемлекеттік қазына жүйесін толыққанды цифрландыру жұмысын аяқтау қажеттігі айтылды.

– Бюджет қаражатын басқарудың ортақ әдіс-тәсілдерге негізделген, автоматтандырылған жүйесін құру қажет. Үкімет пен Ұлттық Банктен нақты ұсыныстар күтемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.