04.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ04.11.2026
Ақпарат ағыны

КЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026 · 16:40 · admin

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Әділет» партиясының Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мәди Осажанов «Өркен-Атасу» өкілдігіне қарасты «Батыс Қаражал» шахтасының кеншілерімен кездесті.

Кездесу барысында Мәди Осажанов «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттер мен Жол картасында көзделген іс-шаралар жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтар мен ел дамуы үшін өзекті мәселелерге назар аударды.

Кездесуде еңбек ұжымының ұсыныстары мен талап-тілектері тыңдалды. Қатысушылар өндіріс саласын дамыту, аумақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі мәселелерді талқылады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.