08.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЛайықты марапат иесін тапты08.11.2026
АЭС: Референдум-2024

Қаражал қаласының №242 референдум учаскесінде әсерлі оқиға болды

06.10.2024 · 17:34 · admin

Қаражал қаласының №242 референдум учаскесінде әсерлі оқиға болды. Өзінің алтын тойын атап өтіп жатқан ерлі-зайыпты Байтасовтар азаматтық борышын орындау үшін учаскеге келді.
Олардың дауыс беруге қатысуы отбасылық қатынастардағы адалдық пен тұрақтылықтың көрінісі ғана емес, сонымен бірге белсенді өмірлік ұстаным символына айналды. Ерлі-зайыптылар дауыс беру процесіне ерекше ықыласпен қарап, әр дауыстың маңыздылығын атап өтті.
Байтасовтар отбасы бәріміз үшін үлгі бола отырып, жасқа қарамастан, белсенді болуға шақырады. Олардың учаскеге келіп дауыс беруі әрбір азаматтың, өмірлік тәжірибесіне қарамастан, еліміздің дамуы мен болашағында маңызды рөл атқаратынының айқын көрінісі.