02.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТТұрмыстағы өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік01.11.2026
Жәйрем жаңалығы

Жәйремде жылыту маусымына дайындалуда

07.10.2023 · 10:09 · admin

«Казцинк» әдеттегідей кенттегі тұрғын үйлерді жылытуға қажетті көмір сатып алуға қаржы бөлді. Жиыны бес мың тонна қатты отын сатып алу жоспарланған. Бұл Жәйремдегі барлық 17 көпқабатты үйді жылытуға жетеді. Тағы да алты үй тікелей кен байыту комбинатына қарасты, бірақ олар да компания есебінен жылытылатын болады.
«Казцинк» көмірден басқа жылыту кезеңінде қазандықтарға қызмет көрсететін от жағушылардың қосымша жалақысына да қаражат аударды.

Өз тілшіміз.