Тиімді шарттармен

Аясы тар дәрігер-мамандарды Жәйремге арнайы шартпен шақыруда.

«Казцинк» компаниясы 2017 жылдан бері кентке медиктер шақыру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Биыл Жәйремге сегіз маман жұмысқа келді.
Шақырылған дәрігерлердің әрқайсысына бірреттік көтерме ақы төленеді және ай сайын жалақыларына қосымша үстемеақы төленеді. Келісім шарттары бойынша дәрігерлер бес жыл бойы Жәйремде тұруға міндеттеледі.
Қазір жергілікті ауруханада осы бағдарлама бойынша бес жалпы практика дәрігері, сондай-ақ анестезиолог-реаниматолог, хирург, акушер-гинеколог, педиатр, кардиолог, эпидемиолог, психиатр-нарколог, стоматолог еңбек етеді. Енді пульмонолог-фтизиатр шақырылмақшы.
Өз тілшіміз.