Мәселелер тыңдалып, тапсырмалар берілді

«Халық үніне құлақ асатын үкімет» қағидасы негізінде Қаражал қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Қала әкімі Айқын Елеусізовтың қала тұрғындарымен кездесуі соның айқын айғағы. Жуырда шаһар басшысы қаражалдықтармен кездесу өткізіп, олардың проблемалық мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында бірнеше маңызды мәселе көтерілді, әрқайсысы егжей-тегжейлі қаралып, қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді.

Мысалы, тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылым, көлік жүйесі, коммуналдық қызметтердің сапасы, сондай-ақ, қаланың жалпы даму мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті. Әрбір өтінішке ерекше көңіл бөлініп, мәселенің шешілу жолдары жан-жақты қарастырылды.

«Қабылдаудың қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Бұл тапсырмаларды орындау барысы қатаң бақылауда болады және біз әр мәселенің шешімін табуға бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар, мен тұрғындарға осындай қабылдауларды ай сайын өткізу ұсынысын білдірдім. Бұл әр адамның маңызды мәселелерін талқылауға және қаламыздың өмір сапасын жақсартуға қатысуына мүмкіндік береді. Әрбір тұрғынның пікірі біз үшін маңызды, сондықтан, біз қаланың өмір сапасын жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз», — деп жазады Айқын Қылышұлы өзінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ізбасар ОЙБАС