Көшелер абаттандырылуда

Өзінің 60 жылдығын атап өткен Қаражал қаласында көшелер мен аулаларды абаттандыру жұмыстары әлі жалғасуда.

Мәселен, қаланың 25-орамындағы №8 және №10 үй аулаларын абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінгі күні «Олжа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 74 727,0 мың теңге болатын жұмыста барынша сапалы жүргізуге күш салуда.
Мұндай ауқымды жұмыстар қаланың Тәуелсіздік көшесінде де жүріп жатыр. Мұнда «Даму ниет» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі көше бойындағы саябақ абаттандыруда. Жоба бойынша тартан жабыны, жүгіру жолақтары, тұрғындардың демалатын орны қарастырылған.
Абаттандыру жұмыстары үсті­міздегі жылдың 31 қазанында аяқ­та­лады деп жоспарланған.

Аманкелді АҚШАЛ.