Қымбатты аналар!

Ару қыздар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – ерекше жылылықпен атап өтетін, барша аналар мен аруларға айрықша құрмет көрсететін мереке.

Бүгінде қаражалдық нәзік жандылар барлық салада елеулі еңбек етіп келеді. Сіздердің іскерліктеріңіз бен жоғары жауапкершілік қасиеттеріңіз өндіріс пен әлеуметтік салада, басшылық және бизнесте де үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде десек артық айтпаймыз.

Әйел қауымы – ең әуелі ардақты ана, отбасының ұйытқысы. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз.

Осынау шұғылалы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы болып жүре беріңіздер. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шырайлы шаттық кетпесін!

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат хатшысы