Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов Жәйрем кентіндегі Металлургтер көшесі, 37 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аталмыш мекенжайдағы тұрған үй зерттеліп, үйді және оған іргелес жатқан аумақты күтіп ұстау мәселелері қаралды. Қала әкімінің орынбасары күн тәртібіндегі мәселеге орай Жәйрем кенті әкіміне және Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына қадау-қадау тапсырмалар берді.
Досбол Құлымбетов бұдан соң кенттің жылумен жабдықтау нысандарын аралады. Сапарының соңында Досбол Бүркітұлы Жәйрем кентінің әкімдігінде кеңес өткізді. Онда кентті одан әрі дамыту, 2023 жылға арналған жоспарлар, жылу беру маусымының өту барысы, қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі кеңінен сөз болды. Аталған мәселелер бойынша кент әкіміне және кәсіпорындардың, ұйымдардың басшыларына оларды іске асыру мерзімі мен тиісті тапсырмалар берілді.
Ізбасар ОЙБАС.