01.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТТұрмыстағы өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік01.11.2026
Ақпарат ағыны

Мемлекеттік қызметке өткеру тәртібі

01.11.2026 · 16:23 · admin

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңы мемлекеттік қызметке кіру тәртібін жетілдіруге, конкурстық іріктеудің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ, жастардың мемлекеттік қызметке орналасуына қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған бірқатар маңызды жаңашылдықтарды қамтиды.

Мемлекеттік қызметке кірудің цифрлық форматы

Жаңа заңнама аясында мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін цифрландыруға ерекше назар аударылған. Конкурстық іріктеу рәсімдері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл кандидаттарға өтінім беруден бастап, іріктеудің тиісті кезеңдеріне қатысуға дейінгі рәсімдерді онлайн режимде орындауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге және рәсімдерді оңтайландыруға ықпал етеді.

Жоғары оқу орындарының түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер

Жаңа заңнамада жоғары оқу орындарын жақсы академиялық нәтижелермен аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған нормалар да көзделген. Заңнамада белгіленген талаптар сақталған жағдайда, GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары түлектерге ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жекелеген төменгі лауазымдарына конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі беріледі. Бұл – білімді әрі әлеуеті жоғары жастардың мемлекеттік қызметке келуіне жол ашатын, олардың кәсіби қабілеттерін іске асыруға және мемлекеттік басқару саласындағы еңбек жолын бастауына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Гульнур САДУАКАСОВА,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ұлытау облысы бойынша

департаменті.