Конституция жобасы кеңінен түсіндірілуде

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Қаражал қалалық коалиция мүшелері ҚР жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру бойынша Қаражал – Жәйрем аумағында кездесулерін жалғастырып келеді.

Қаражал қалалық коалиция төрағасы – «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина, коалиция құрамындағы қалалық мәслихат төрағасы Зәмзагүл Оспанова, қалалық мәслихат депутаттары – Арынғазы Тәкібаев, Жұмакүл Ахметова, Жалғасқан Құрмансейітов және Қаражал қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры Гаухар Отыншина Қаражал станциясы еңбек ұжымымен кездесті.

Ауқымды кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілетін сұрақтарға жауап беріліп, жиынға қатысушылар ой-пікірлерін білдірді.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу, маңызды құжаттың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдеріне ақпараттық материалдар таратылды.

*** *** ***

Осындай кездесу Қаражал қаласындағы № 5 мектептің ұжымымен де өтті. Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен баяндады. Олар құжаттың елдің дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Жиынға қатысушылар өздеріне қызық болған сұрақтарын қойып, ойларын ашық бөлісті. Ашық пікір алмасу форматы маңызды құжаттың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мектеп ұжымына ақпараттық материалдар таратылып, жаңа Конституция жобасы жайлы жан-жақты мәлімет ұсынылды.