Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» жұмысшыларымен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлерімен, сондай-ақ кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Оларды компанияның дамуы мен әлеуметтік қамсыздандырылуы ғана емес, Жезқазған алдағы жылдары қалай өмір сүретіні және дамитыны алаңдатты.

Кәсіпорынның жұмысы және әлеуметтік міндеттемелер туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин айтып берді.

Оның айтуынша, бірнеше рет ұжымдармен кездесулер өткізілді, онда қызметкердің бірде-бір мәселесі назардан тыс қалған жоқ.

– Біз үшін корпорацияның тұрақты жұмысы, еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру маңызды. Еңбек ұжымдары көтерген мәселелердің көпшілігі ұжымдық шарттың талаптарына кіреді, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Әлеуметтік сипаттағы мәселелерге келетін болсақ, өңір басшысы Жезқазған әкіміне медицинаны дамытуға, абаттандыруға және халықты жұмыспен қамтуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек қала активімен және жұртшылықпен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров экономиканы әртараптандыру жобалары туралы айтып, Жезқазғанды дамыту жоспарларымен таныстырды.

Биыл қалада «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеу тәжірибелік зауытын іске қосу жоспарлануда. «Қазхимсинтез» ЖШС өнеркәсіптік реагент шығаратын химиялық зауыт және «Kaz Green Energy» ЖШС биоэлектростанциясы салынуда.

– Осы үш ірі жобаны іске асыру 320-дан астам жұмыс орнын және өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз етеді. Инвестициялар 17,6 млрд теңгені құрайды, – деді Қайрат Әбсаттаров.

Әлеуметтік инфрақұрылымды да дамыту жоспарлануда. Дарынды балалар оқитын «Өркен» мектебі жанынан 200 орындық жатақхана салынады. Бұл ауылдан оқушыларды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді.

Қала билігі Қабанбай батыр шағын ауданын дамыту көзделуде. Мұнда жергілікті билік жаңа мектеп салуға уәде береді.

Жезқазғанда жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасады. Биыл сегіз көшені қамту жоспарлануда.

Жыл соңына дейін алты үй пайдалануға берілуі тиіс, олардың екеуі коммерциялық үйлер. Осылайша, 224 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, биыл Президенттің тапсырмасы бойынша Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту басталады.

Облыс әкімі проблемалық нысандар – дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау жөнінде тапсырма берді.