Бүлдіршіндер сайысқа түсті

Қаладағы «Улыбка» бөбекжайында баланың білім алуына, денсаулығының  нығаюына үлкен мән беріледі. Соған сәйкес, бақшамыздың мектепалды және ересек топ балалары арасында қысқы ойындар өткізілді

Оның мақсаты – бүлдіршіндердің денешынықтыруға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, ептілік пен жылдамдыққа ұмтылысын дамыту.                                                                                  Табиғат аясындағы «Қыс күштілер, батырлар, ептілер үшін» ойын-сауығы тартымдылығымен ерекшеленді. «Кім жылдам?», «Аққала құрастыру», «Апандағы аюлар» атты үш кезеңнен тұратын  сайысқа «Жұлдыз», «Гүлдер», «Құлыншақ» топтарының балалары қатысты. Жарыс барысында балалардың жеңіске деген құштарлығы арта түсті.

Шара соңында балалар әуезді әуеннің сүйемелдеуімен би билеп, керемет көңіл-күйге бөленді.

Зәуреш  Отарбаева, 

«Улыбка» бөбекжайының денешынықтыру нұсқаушысы