03.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚАРСАҚБАЙ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ02.11.2026
Өңір тынысы

Құрылыс сапасын бақылап, тапсырмалар берді

09.12.2023 · 20:55 · admin

Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов пен Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы Зәмзагүл Оспанова жұқпалы аурулар бөлімі ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысып, сапасын бақылады.

Орайы келгенде айта кетейік, аталмыш нысандағы құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба келер жылы жүзеге асырылып, 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілуі тиіс. Қазір мұнда қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Аурухананың шатыры, қасбеті (фасад) жөнделуде. Нысанның есік-терезелерін бөлшектеу, кәріз, су құбырын, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Аталмыш жұмыстармен Астана қаласынан келген «Гарейс Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Нысанды аралап, жұмыс барысымен танысқан Досбол Құлымбетов пен Зәмзагүл Оспанова мердігерлерге жұмысты ширатып, әр атқарылған істің сапасына назар аударуды, кестеден кешікпеуді қатаң тапсырды.

Өз тілшімізден.