03.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғалым Қойшыбаев өзге де кандидаттармен бірге Қаражал қаласында сайлауалды үгіт-насихат кездесулерін өткізді03.11.2026
Ақпарат ағыны

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

03.11.2026 · 15:14 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков пен Нұргүл Талғатбекова Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Сондай-ақ сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қоғам өміріне белсенді араласудың маңыздылығын атап өтті. Кандидаттар азаматтарды өз таңдауларын жасап, 29 қараша сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.