Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді мейірімділік, жақсылық, достық пен ізгіліктің символына айналған мерекемен шын жүректен құттықаймыз!

Алғыс айту күні – бұл еліміздің барлық азаматтарының бірбіріне деген құрметін тағы бір рет көрсету мүмкіндігі, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек, қолдау, жауаптылық күні.

Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.

1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ, ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.

Құрметті жерлестер!

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Бұл күні баршаңызға қаламыздың бірлігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған игі істеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Осынау жақсылықтың нышаны болған керемет мереке күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Сүйікті қаламыз және ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, жайнай берсін! Барша әлемде бейбітшілік  пен келісімнің туы желбірей берсін!

Т.ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі

З.ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат хатшысы