15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТОблыс әкімі Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті15.10.2026
Ақпарат ағыны

ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС БАР

14.07.2023 · 19:06 · admin

Бүгін Жезқазған қаласындағы «Мечта» СО 15-ке жуық жұмыс берушінің қатысуымен «Жастарға — жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты — жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеуші жастарға жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау.
Аталмыш шараға аурухана, мектеп, наубайхана, жұмыспен қамту бөлімі сынды түрлі мекемелер қатысты.
Жұмыс іздеген жастар қатары көп болғаны көңіл қуантты. Көбі колледж студенттері екен. Жұмыс істеймін деп шын ниеттенген жастарға екі қолға күрек табылары сөзсіз