Ұстаз болу – жүректің батырлығы…

Ұстаз – ұлы есім, адамзаттың рухани бағбаны, білім мен тәрбиенің алтын көпірі. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі – шәкіртке өнеге, әрбір берген білімі – болашаққа бастар жол, ал мейірімге толы жүрегі – талай арманға қанат бітіретін құдіретті күш. Бұл – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауымен таңдалатын, үлкен жауапкершілік пен шексіз сабырды талап ететін қасиетті жол.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген халық даналығының астарында терең мағына жатыр. Адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына, дүниетанымының кеңеюіне, өмірден өз орнын табуына ұстаздың ықпалы орасан зор. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тірегі, ал сол болашақтың берік іргетасын қалайтын жандар – ардақты ұстаздар.

Қаражал қалалық мәдени-сауық орталығында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтерге құрмет көрсетуге арналған бұл тағылымды шара ізгі тілектерге, жүрек-жарды алғысқа және әсем ән мен биге ұласты.

Жиынның шымылдығы ұстаз еңбегінің маңызын айшықтаған бейнероликпен ашылып, Қаражал қаласының «Балалар өнер мектебі» өнерпаздарының арнайы композициясымен жалғасын тапты. Шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесі мен білім саласын дамытуға қатысты айтқан ойлары негізге алынып, педагогтің тұлға қалыптастырудағы айрықша қызметі ерекше аталды.

Мерекелік кеште Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, білім саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне жоғары баға берді. Қала басшысы ұстаздықтың жауапкершілігі мол, абыройы асқақ мамандық екенін атап өтіп, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген барша ұстазға шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларына амандық және еңбектеріне толағай жетістіктер тіледі.

Мерекенің ең салтанатты сәті – үздіксіз еңбек етіп жүрген білім майталмандарын ұлықтау рәсімі болды. Салтанатты шара барысында білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбектері үшін бір топ ұстаз бен сала қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды. Атап айтатын болсақ, Ұлытау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Қаражал қаласының № 11 жалпы білім беретін мектебінің мектепалды тобының педагогы Нұрбибі Молдабекова және Қаражал қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алла Нагаевская марапатталды.

Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласының № 1 тірек мектебі ресурстық орталығының директоры Жұмакүл Ахметова марапатталды. Сонымен қатар, Қаражал қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінің алғашқы әскери және техногендік пәнінің мұғалімі Қаныбек Садықов пен Қаражал қаласының № 10 жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Мақпал Блялова марапатталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен Қаражал қаласы білім бөлімінің әдіскері Мадина Рахимова марапатталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен Қаражал қаласының № 30 жалпы білім беретін мектебі тарих пәнінің мұғалімі Ербол Салкинов марапатталды. Қаражал қаласының Құрмет грамотасымен Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы № 1 тірек мектебі ресурстық орталығының бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Қожантаева, Қаражал қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Елена Пешина, Қаражал қаласы № 6 жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ақбота Төлегенова, Қаражал қаласы «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Әлия Сарсекеева, Қаражал қаласы № 10 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әлия Кошжанова, Қаражал қаласы № 30 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжазира Ахатова, Қаражал қаласы «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Дина Бегулиева марапатталды.

Қаражал қаласы әкімінің Алғыс хатымен Қаражал қаласы № 1 тірек мектебі ресурстық орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Тусупова, № 1 тірек мектебі ресурстық орталығының математика пәнінің мұғалімі Гүлзат Омарова, № 3 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назгүл Табынбаева, № 6 жалпы білім беретін мектебінің тәрбиешісі Тоғжан Бақытжанова, № 7 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алтынгүл Тарпанова, № 7 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлзат Сағитова, № 10 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аңсаған Алина, № 30 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махаббат Өмірзаққызы, Қаражал қаласы «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Айнұр Мусиева, Қаражал қаласы «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Перизат Мусипова марапатталды.

Сонымен қатар, Ұлытау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және Ұлытау облысы білім басқармасының Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен Жанар Жиенбаева, Раушан Ахан, Перизат Абдреймова, Гүлбану Райсова, Бақыт Мамина, Зәмзагүл Баязитова, Нұрғалы Үйсімбаев, Мәжит Омаров, Ләззат Әкімбаева, Райхан Қоғабаева, Арайлым Жазыбекова, Ләйла Дамешкен, Бахыткүл Абдикаримова, Гүлнар Жолдыбаева, Бекболат Төлегенов, Гүлмарал Ибраева, Арайлым Уразалина, Құрмет Ибрахимұлы, Мағжан Айтбек, Үмітгүл Ташаева, Қызғалдақ Артықбаева, Аманбала Ералина, Камшат Мустафаева, Гүлнұр Тускенова, Тоғжан Жарқынбай, Асыл Сагындықова, Алтын Тажитова, Алтынай Сыздықова, Рахатгүл Касимова, Әсем Досмағамбетова, Қанат Құспанов, Шынболат Төлегенов, Анна Кушманова, Жұлдыз Сауғабаева, Әсел Дарібаева, Айжан Игенова, Аида Сүлейменова, Ғази Рахимов, Аманкүл Тұрабекова, Гүлсана Шалабаева марапатқа ие болды. Ал, Қаражал қаласы білім бөлімінің Құрмет грамотасымен Нүркен Сарсекеев, Ғазиза Асанова, Айгерім Шалғынбаева, Қарлығаш Қалмаганбетова, Ирина Черноколенко, Наталья Павенко, Екатерина Гавриш, Үміт Әбілдина, Мейрамгүл Базылова, Хабиба Алданова, Әсем Акишева, Назгүл Бадилхан, Марал Ерболатова, Айжан Асанова, Сәуле Ахимбекова, Гүлден Бадигулова және Гаухар Омарова марапатталды.

4 сынып оқушысы Аяланың «Ұстазыма» әні, № 6 мектеп оқушыларының әсерлі қойылымы мен «Дейлис Азия» би тобының «Девчачий чат» атты заманауи биі кештің сәнін кіргізді.

Бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған жандардың еңбегін бір күннің еншісіне ғана сыйдыру мүмкін емес. Өйткені, ұстаздық – ерекше мамандық, жүректің батырлығын талап ететін қасиетті миссия. Әрбір шәкіртінің жетістігіне қуанып, болашағына жол сілтейтін ұлағатты ұстаздардың есімі мен еңбегі әрқашан құрметке лайық.

Жазира СЕЙДҒАБИҚЫЗЫ