ЖАҢААРҚАДА ҮМІТКЕРЛЕР АҚСАҚАЛДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңаарқа ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғалым Қойшыбаев Ардагерлер үйінде аудан ақсақалдарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді ортаға салды.
Сонымен қатар, ауданның инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, жастарға жағдай жасау және аға буын өкілдерінің өмір сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде ақсақалдар ауданның өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.