19.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰлытау облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды19.11.2026
Ақпарат ағыны

Ұлытау облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

19.11.2026 · 20:48 · admin

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты Қаныш Сәтбаев атындағы мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының еңбек ұжымына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесуге Ұлытау университетінің «Мансап кәсіби практика және дуалды оқыту орталығының» басшысы «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының Әйелдер қанатының мүшесі Светлана Жумкина қатысты.

Кездесу барысында ол Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, әсіресе білім беру саласындағы басым бағыттарға кеңінен назар аударды.

«2027 жылдың халықтық құрылыс жылы болып жариялануына байланысты Ұлытау облысында бірқатар маңызды құрылыс жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында білім беру саласына қатысты нысандар да бар. Атап айтқанда, өңірде жаңа мектептер мен балабақшалар салу, сондай-ақ «BINOM» және қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейін ашу көзделген»,-деді ол.

Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы атап өтілді.