18.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТАзаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды18.11.2026
Ақпарат ағыны

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18.11.2026 · 18:23 · admin

«Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Ақжол Құрмансейіт, Қайрат Мейрамұлы, Әлдібек Тәуекелев және Гүлнара Закирова құрылыс-монтаждау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ құрылыс саласын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу соңында кандидаттар 29 қарашада өтетін мәслихаттар сайлауының маңыздылығын атап өтті. Әрбір азаматтың дауысы өңірдің болашағын айқындауда маңызды рөл атқаратынын жеткізіп, тұрғындарды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.