18.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТАзаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды18.11.2026
Ақпарат ағыны

ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

18.11.2026 · 17:50 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Ақжол Құрмансейіт, Қайрат Мейрамұлы және Гүлнара Загирова «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Құю механикалық зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар өздерін таныстырып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндады. Сонымен қатар алдағы бес жылға арналған өңірді дамыту жоспарының басымдықтарына тоқталды.

Атап айтқанда, Ұлытау облысында жүзеге асырылатын ірі инфрақұрылымдық жобалар, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында бой көтеретін жаңа нысандар туралы ақпарат берілді. Кандидаттар бұл бастамалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу соңында кандидаттар еңбек ұжымын сайлауға белсенді қатысып, 29 қараша күні өз таңдауларын жасауға, әділетті болашақ пен өңірдің тұрақты дамуы жолында «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.