19.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰлытау облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды19.11.2026
Ақпарат ағыны

Тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелері тыңдалды

19.11.2026 · 14:58 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың тұрғындармен жеке кездесулері жалғасуда.

Кезекті кездесуді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлнара Загирова партияның облыстық филиалы ғимаратында өткізді. Кездесу барысында қала тұрғындары кандидатқа өздерін толғандырған мәселелерін жеткізіп, спорт саласына қатысты бірқатар сауалдарын қойды.

Атап айтқанда, тұрғындар қаладағы спорт нысандарының жағдайы, спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолжетімді ету мәселелерін көтерді.

Өз кезегінде спортшы Гүлнара Загирова қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибесіне сүйене отырып, тұрғындарға тиісті кеңестерін ұсынды. Сондай-ақ көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.

Мұндай жеке кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тікелей тыңдауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.