«Марганец Жайрем» АҚ еңбек ұжымымен сайлауалды кездесу өтті

Бүгін «Марганец Жайрем» АҚ еңбек ұжымымен сайлауалды кездесу өтті.
Кездесу барысында «Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Абай Нұрланов сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, партияның алдағы мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басымдықтар, Жайрем кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және елді мекеннің болашағына қатысты жоспарлар талқыланды.
Еңбек ұжымы өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, өңірдің дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.