20.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКАНДИДАТ МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ20.11.2026
Ақпарат ағыны

Колледж ұжымымен өңірдің даму жоспарлары талқыланды

20.11.2026 · 18:02 · admin

Қаражал қаласында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Партиядан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Гүлнара Загирова және Диас Алтынбек Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамытудың алдағы бес жылға арналған жоспарларына тоқталды.

Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін Ұлытау облысында кемінде 14 мың жасты жұмыспен қамту көзделген. Сонымен қатар жыл сайын кемінде 111 мың шаршы метр тұрғын үй салу, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жыл сайын 100-ге дейін жалға берілетін пәтер бөлу жоспарланған.

Білім беру саласында 3 200 орындық 6 мектеп пен 920 орындық 3 балабақша салу көзделсе, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында 11 спорт нысаны мен 10 денсаулық сақтау нысанын салуға қолдау көрсету қарастырылған.

Кандидаттар техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастардың кәсіби әлеуетін іске асыру және өндіріс орындарына қажетті білікті мамандар даярлау мәселелеріне де назар аударды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.