18.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТАзаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды18.11.2026
Ақпарат ағыны

Арынова Дәмеш Арынқызын «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалімен марапаттады

05.10.2026 · 17:39 · admin

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңіріміздің білікті ұстазы Арынова Дәмеш Арынқызын «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалімен марапаттады.
Дәмеш Арынқызы – 40 жылға жуық педагогикалық еңбек өтілі бар, Жаңаарқа ауданы, Бейменде Амалбеков атындағы тірек мектебінде география пәнін оқытып, талай шәкірттің биіктен көрінуіне жол ашқан тәжірибелі ұстаз.
Ұстазымызды құттықтай отырып, зор денсаулық, шәкірттеріне биік жетістіктер тілейміз.