ЖӘЙРЕМ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ 2024 ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, 2024 жылда Жәйрем кенті бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

КЕНТ БЮДЖЕТІ

Қаражал қалалық мәслихаты сессиясының 2023 жылдың 29 желтоқсанындағы №129 «2024-2026 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне сәйкес 2024 жылға бекітілген кент бюджетіне Қаражал қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен 4 рет өзгерту енгізіліп, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Жәйрем кентінің жалпы бюджеті келесі көлемді құрады:

1. Кіріс – 904 256,0 мың теңге, оның ішінде:

Салық түсімдері:

Жоспар – 77 177,0 мың теңге, орындалуы – 79 731,8 мың теңге, жоспар 103,3% орындалды.

Салықтық емес түсімдер (мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістер және басқа да салықтық емес түсімдер:

Жоспар – 5 823,0 мың теңге, орындалуы – 4 880,6 мың теңге, орындалуы 83,8%.

Трансферттердің түсімдері (аудан (қалалық) бюджетінен берілетін трансферттер):

Жоспар – 821 256 мың теңге, орындалуы – 821 256,0 мың теңге, жоспар 100% орындалды.

Бюджет тапшылығы (профициті), бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 46 393,0 мың теңге.

Есепті кезеңдегі қаржыландыру жоспарының кірістер бөлігі 100,2% орындалды.

2. Шығындар – 950 649,0 мың теңге, орындалуы – 950 642,6 мың теңге, орындалуы 100%.

Жәйрем кенті бюджетінің есепті кезеңдегі шығыстары келесідей бағдарламаларға бөлініп, орындалды:

1) «Қала, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 236 689,0 мың теңге, кассалық орындалуы 236 685,4 мың теңге – 100%;

2) «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 14 844,0 мың теңге, кассалық орындалу 14 844,0 мың теңге -100%;

3) «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 87 442,0 мың теңге, кассалық орындалуы 87 442,0 мың теңге – 100%;

4) «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 90 249,0 мың теңге, кассалық орындалуы 90 249,0 мың теңге – 100%;

5) «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 4 870,0 мың теңге, кассалық орындалуы 4 870,0 мың теңге – 100%;

6) «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 238 813,0 мың теңге, кассалық орындалу 238 813,0 мың теңге -100%;

7) «Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 58 700,0 мың теңге, кассалық орындалуы 58 700,0 мың теңге – 100%;

8) «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 23 296,0 мың теңге, кассалық орындалуы 23 296,0 мың теңге – 100%;

9) «Аудандық маңызы бар қала, кент, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының борышына қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 2 310,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 2 310,0 мың теңге -100 %;

10) «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 385,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 385,0 мың теңге -100 %;

11) «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 38 600,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 38 600,0 мың теңге -100 %;

12) «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 154 450,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 154 450,0 мың теңге -100%.

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ

1. Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жергілікті бюджеттен ашық конкурс жеңімпазы анықталғанға дейінгі 2 айға Мердігер «Жалғас» ЖШС – мен келісім шарт жасалынды. Сомасы – 8 700 000 теңгені құрады. Келісім шарт аясында қар күреу және ықшам аудандардың жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді;

2. Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 56 000 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы Мердігер «Айсара»ЖК, сомасы — 50 000 000 теңге.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

— көше жарық шамдарын қалыпқа келтіру және күтіп ұстау, жолдарды сыпыру және су себу, қар күреу және ықшам аудандардың жолдарын қардан тазалау т.б;

— жол белгілерін сызу және жол белгілерін ұйғарымға сай орнату, кент көшелерін құмнан, тастан, кездейсоқ қоқыстан тазалау, автокөлік жолдарының бойындағы талдарды қалыпқа сай кесу, аялдамаларды қалыпқа келтіру және күтіп ұстау, және 13 автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына дайындау барысында ұсақ тастар төсеу т.б. жұмыстар жүргізілді.

АБАТТАНДЫРУ

1. Футбол алаңын салу жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 34 500 000 теңге қаражат бөлінді, Ашық конкурс арқылы Мердігер «ABADAN CORPORATION» ЖШС, сомасы — 30 500 000 теңге. Келісім шарт аясында Шинтуринов көшесі және Жәйрем ГРЭ ықшам ауданына 2 дана футбол алаңы салынды;

2. Жәйрем кенті кіре беріс аркасын орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 53 687 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы Мердігер «Талап Строй Дизайн» ЖШС, сомасы — 50 960 000 теңге. Кіре беріс арканы қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді (биіктігі — 8,750 м, ені — 2,4*2,2 м, ұзындығы — 22,5м). Сонымен қатар арка маңына 2 дана шағын архитектуралық мүсін орнату (жылқы мүсіні – 3м, тұғыры – 2м (постамент)), жарық шамдарын орнату 2 дана 220 В, брусчаткалау жұмыстары — 30,6 м2, қалындығы 20м-15м2 мрамор салу, негізіне тас төсеу — 1383,1 м3 т.б. жұмыстары жүргізілді;

3. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоршау орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 6 210 000 теңге қаражат бөлінді. Баға сұрату тәсілі арқылы Мердігер «Балабеков» ЖК, сомасы — 4 870 000 теңге. Мердігер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау жұмыстарын толықтай аяқтады (ұзындығы – 206,5 м, биіктігі — 3 м);

4. Пәтерлерді жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 38 600 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы Мердігер «Perfect design» ЖШС, сомасы – 38 599 680 теңге, шарт аясында 5 пәтерге толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді (Металлургов көшесі 37/1 үй, 52;62;64;72;73 пәтерлер). Сонымен қатар аталмыш үйдің 2 подъезді сырлау, әктеу жұмыстары және сыртқы 2 дана темір есік орнату жұмыстары жүргізілді;

5. Балалар ойын алаңқайын, спорт алаңдарын және жаттығу алаңдарын күтіп ұстау жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 20 000 000 теңге қаражат бөлінді. Баға сұрату тәсілі арқылы ұтып алған Мердігер – «Кански» ЖК, сомасы — 14 280 000 теңге. Аталмыш мердігер 27 балалар ойын алаңын, 6 жаттығу алаңдарын және 10 спорт, 2 волейбол алаңдарын күтіп ұстау жұмыстарын және ойын алаңдарына ойын құралдарын сатып алып орнату жұмыстарын жүргізді;

6. Саябақтар және аллеяларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 10 000 000 теңге бөлінді, ұтып алған Мердігер «Балабеков» ЖК, сомасы 6 274 000 теңге, «Жастар», «Жеңіс» саябақтары, «Шаңырақ», «Домбыра», Жәйрем ГРЭ ықшам ауданындағы аллеяларды күтіп ұстау жұмыстарын және Жәйрем ГРЭ ықшам ауданындағы аллеяда аяқталмай қалған жұмыстарды жүргізді;

7. Баннерларды жасау және орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 3 340 000 теңге қаражат бөлінді, баға сұрату тәсілдері бойынша анықталған Мердігер – «Назар» ЖК, сомасы – 1 872 400 теңге, шарт аясында 48 баннер шығарып орнату жұмыстары, 14 билбордтты сырлау, әктеу, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді;

8. 2-қабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін және шатырын жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 72 000 000 теңге бөлінді. Ашық конкурс арқылы Мердігер «Perfect design» ЖШС, сомасы – 72 000 000 теңге, шарт аясында Абай көшесі 1,3 үйлер; Металлургов көшесі, 21,23 үйлердің сыртын сырлау, шатырлау, сыртқы есіктер орнату, балкондарына бір түсті профлист орнату жұмыстары жүргізілді;

9. Бағдаршам орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 12 500 000 теңге бөлінді. Баға сұрау тәсілі арқылы Мердігер «Канский» ЖК, сомасы – 8 500 000 теңге, шарт аясында Қаражал – Жәйрем қиылыс жолына бағдаршам орнату, және 4 дана жаяу жүргіншілер жол белгісін орнату жұмыстары жүргізілді;

10. 2-қабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін және шатырын жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 79 200 000 теңге бөлінді. Ашық конкурс арқылы Мердігер «Канский» ЖК, сомасы – 47 645 896 000 теңге, шарт аясында Асатова көшесі, 8/1 үй; Мұратбаев көшесі, 9 үй; Абай көшесі, 5 үйлердің сыртын сырлау, шатырлау, сыртқы есіктер орнату, балкондарына бір түсті профлист орнату жұмыстары жүргізілді;

11. Гаражды жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 55 279 000 теңге бөлінді. Ашық конкурс арқылы Мердігер «Мансур» ЖК, сомасы – 25 165 604 теңге, келісім шарт жіберлді, келісім шарт аясында гаражды қоршау, шатырлау, еден құю т.б. жұмыстары жүргізілді;

КӨГАЛДАНДЫРУ

1. Жасыл екпелерді күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 15 000 000 теңге бөлінді, баға сұрату тәсілдері Мердігер – «Нығмет» ҚБ, ұтып алған сомасы — 6 897 321 теңге. Шарт аясында 8000 дана петунья сатып алу және отырғызу, суару, гүл құмыраларын сатып алу, газон төсеу жұмыстары жүргізілді. Алайда жыл соңына дейін келісім шартты толық орындамағандықтан бір жақты шарт бұзылып құжаттары сотқа жіберілді.

2. Апаттық жағдай тудырып тұрған талдарды кесу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 4 000 000 теңге бөлінді. Баға сұрау тәсілі арқылы Мердігер «Асар -2016» ҚБ, сомасы – 2 100 000 теңге, шарт аясында апаттық жағдай тұрған талдарды кесу жұмыстары жүргізілді;

ЖАРЫҚТАНДЫРУ

1. Жарық шамдарын орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 57 500 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы ұтып алған Мердігер «Perfect design» ЖШС, сомасы – 57 120 000 теңге, келісім шарт аясында 207 дана жарық шамдары және 2 дана тоқ күшейткіш трансфортматорлар орнатылды;

2. Тоқ сымдарындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 7 756 000 теңге қаражат бөлінді, баға сұрату тәсілі арқылы ұтып алған Мердігер – «Арка Груп» ЖШС, сомасы 6 300 000 теңге. Келісім шарт аясында электр тоқтарын жалғау жұмыстары толықтай аяқталды.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ

1. Жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 81 802 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы ұтып алған Мердігер «Perfect design» ЖШС, сомасы – 81 700 000 теңге, келісім шарт аясында 2,5 МВт — 2 қазандық, 1МВт – 3қазандық алынды және ғимаратты жөндеу, генератор сыртын қаптау және көмір қоймасын үлкейту жұмыстары жүргізілді.

2. 2 қабатты тұрғын үйлерге жылу құбырларын тарту жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 28 197 000 теңге қаражат бөлінді, баға сұрату тәсілі арқылы ұтып алған Мердігер – «Мариям» ЖК, сомасы 24 350 000 теңге. Негізгі келісім шарт аясында Абая 1,3,5 және Металлургов 21,23; Мұратбаева көшесі 9 үйлерге жылу құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді;

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі кенті әкімі аппаратының «Жәйрем-Болашақ» КМК мекемесі айналысады.

Есептік кезең ішінде кенттегі сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен – 154 450 000 теңге қаражат бөлінді. Бөлінген сома кенттегі су құбырларында орын алған 6 апатты жағдайларды және кәріз құбырларындағы 199 апатты жағдайларды жоюға жұмсалды. Сонымен қатар, 35 кәріз құбырларына тазалау, тексеру жұмыстары жүргізілді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2024 жылда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамтылу үшін 50 адам өтініш берді, оның ішінде: кент мекемелеріне тұрақты түрде жұмысқа орналасқандар саны – 15 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 6 адам, жастар тәжірибесі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 9 адам, қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны – 20 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 7 отбасы 9 адам тіркелді. Қазіргі таңда өтінім қабылдануда.

2024 жылда барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 16 мәдени іс-шара өткізілді. Оның ішінде айтулы іс-шаралар:

1. Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз;

2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған «Ажар» балабақшасының салтанаты ашылу;

3. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

4. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

5. 9 мамыр – «Ұлы Жеңіске – тағзым» атты мәңгілік алауға гүл шоқтарын кою рәсімі;

6. 25 қазан – Республика күні;

7. Кентімізде кезекте тұрған 20 көпбалалы отбасына баспана кілттері табысталды;

8. «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» ұлттық жобалары аясында ҚХА 30 жылдығына орай «Қаражал-Жәйрем Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен өтетін «Ана – тәрбиенің қайнар көзі» атты Аналар форумы.

КЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БОЙЫНША

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентіне сәйкес, есеп беру кезеңінде кент тұрғындарына 236 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

— Отбасы құрамы көрсетілген тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтамасы – 166;

— Пеш жағатыны туралы анықтама – 35;

— «Е-Лицензирование» сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 33;

— Көпбалалы аналарды Мемлекеттік награда «Алтын алқа», «Күміс алқа» Алқасымен наградтауға ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу. Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 7 іс рәсімделіп, наградтауға ұсынылды. Бүгінгі күні кент бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» Алқасымен 151 көпбалалы ана наградталды.

2024 жылда кент әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны 76 құрады.

2024 жылда жергілікті қауымдастықтың 8 жиналысы, 1 жиыны өтті.

Жәйрем кенті әкімі аппаратының 2024 жылы мердігерлерді сотқа берген істер бойынша ақпарат:

Барлығы – 17 әкімшілік іс:

Сот шешімімен қанағаттандырылған істер -5;

Сотта қаралып жатқан істер – 1;

Әкім аппаратымен кері қайтарылған істер – 7;

Сот шешімімен қанағаттандырудан бас тартылған істер – 1;

Бітімгерлік келісім жасасқан істер- 3.

Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша – 3 іс;

Кепілдік міндеттемені орындау туралы талап арыз – 9 іс;

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз – 3;

Жергілікті бюджеттің кірісіне негізсіз аударылған ҚҚС сомасын өтеу туралы талап арыз – 1;

Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша жалпы сомасы 592 мың теңгені құрайтын қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды.

Кепілдік міндеттемені орындау туралы талап арыз бойынша Әуезова көш.2 үй, Металлургов көш. 37/1 үй, Металлургов көш.17, Металлургов көш.15, 35, 35/1 үйлердің жертөлелерінің инженерлік желілерін тазалау және орнату жұмыстары жүргізілді.