Ұлытау облысының азаматтары мен әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштерге, сондай-ақ Премьер — Министрдің бірінші орынбасары Роман СКЛЯРДЫҢ Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Авиация комитеті әуе рейстерінің санын арттырады.
Осылайша, биылғы жылдың 15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын рейс санын аптасына 3-тен 7-ге дейін көбейтетінін хабарлады.
Демек, Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы жолаушылар тасымалдайтын әуе қатынасы екі еседен астам ұлғаяды.
Бұл қадам өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға оң ықпалын тигізері күмәнсіз.
Тиісті тараптың мәлімдеуінше, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көлік қатынасын реттеу жұмысын жалғастырады.
Өз тілшімізден.