Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды.
Ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы бойынша 20-дан астам құжат рәсімделді. Соның ішінде ұйымның алдағы қызметіне қатысты маңызды құжаттар да бар.
Олар:
Астана декларациясы;
2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастық стратегиясы;
2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегия;
ШЫҰ Инвесторлар қауымдастығы туралы шешім;
ШЫҰ жетілдіру жоспары;
ШЫҰ-ға мүше елдердің экологиялық туризм мен қорғалатын аумақтар
Циндао қаласын ШЫҰ-ның туристік астанасы ретінде жариялау туралы шешім;
ШЫҰ жобалық қызметін қаржыландыру туралы шешім;
ШЫҰ-ға мүше мемлекетердің үкіметтері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласында өзара ынтымақтастық туралы келісім.
Айта кетері, ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан кейін «ШЫҰ+» кездесуі өтті. Оған Қатар, Моңғолия, БАӘ, Түрікменстан, Түркия және Әзербайжанның басшылары қатысты.