Ескертпелер ескерілетін болады

Бірқатар өзекті мəселелер қаралған қалалық мəслихаттың кезекті XVI сессиясына қала əкімі Тілектес ДОСАЕВ, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Аян ТАХАНОВ, қала əкімінің орынбасарлары, Жəйрем, Шалғия кенттерінің əкімдері, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік бөлімдер мен мекемелер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қалалық мəслихаттың хатшысы Зəмзагүл Оспанованың тізгін ұстауымен өткен мандат иелері жиынының күн тəртібіне «2021 жылғы Қаражал қаласы бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы», «2021 жылғы Жəйрем жəне Шалғы кенттері бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы», «Қаражал қаласының кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі», «Қаражал қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға жəне кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы», «Қаражал қаласы əкімдігінің жанындағы «Қаражал қаласы аймағының аумағындағы жер учаскелерін меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қаражал қалалық мəслихатының 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары» туралы мəселелер қойылды.

Аталған мəселелер бойынша қатыстылығына сəйкес, тиісті салаға жауапты тұлғалар мен кент əкімдері хабарлама жасады. Талқылаудан кейін шешімдер қабылданды.

Облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Аян Тахановтың хабарламасы тыңдалды. Онда 2021 жылғы бюджетті орындау барысында ешқандай заң бұзушылықтың орын алмағаны мəлімделді.

Басқосу қорытындысында қаралған мəселелерге қатысты өз пікірін ортаға салған Тілектес Темірбекұлы тексеру комиссиясы өкілі тарапынан айтылған ескертпелер мен ұсынымдар үнемі назарда болатынын қадап айтты.

Жазира СЕЙДҒАБИҚЫЗЫ