2024 жыл инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған бірқатар маңызды қадамдар арқылы Қазақстанның энергетика саласы үшін маңызды кезең болды. «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 14 жобаны іске асыруға, оның ішінде, жылумен қамту және электрмен жабдықтау нысандарын реконструкциялауға республикалық бюджеттен 52,7 млрд теңге бөлінді. Орал қаласында қосалқы 2 станса пайдалануға берілді, бұл өңірді энергиямен қамту сенімділігін едәуір арттырды.
➡️ Сондай-ақ қайтарымды инвестициялар лимиті ұлғайтылды, бұл энергетикалық жабдықтарды жаңғырту бойынша жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.
⏩ Сонымен қатар жылу жүйесінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданды. Энергетикалық компаниялардың қаржылық тұрақтылығын және инфрақұрылымды жаңғыртуды қолдауды қамтамасыз ететін электр энергиясы мен қуатының да