14.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
АЭС: Референдум-2024

«Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі қызметкерлері дауыс берді

06.10.2024 · 15:16 · admin

Дауыс беру күні энергетика саласындағы сарапшылар: «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі бас энергетигінің орынбасары Владимир Анатольевич Павенко және «Жәйрем КБК» АҚ бас энергетигінің орынбасары Жұмажан Камалұлы Мусин ел болашағының пайдасына шешу үшін өз таңдауларын жасауға референдум учаскелеріне келді.

Бір ай бойы сарапшылар, еңбек ұжымдарында республикалық референдумда көтерілетін мәселені түсіндіру бойынша кездесулер өткізді. Жоспарға сәйкес В.Павенко, Ж.Мусин сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу шеңберінде 14 кездесу өткізді.