«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған бастама қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің көркеюіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Тазалық пен тәртіп – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қала көшелерін, аулаларды, саябақтар мен демалыс орындарын таза ұстау – қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осы орайда мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, еріктілер және қала тұрғындары сенбіліктерге белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосуда.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру, көгалдандыру, қоқыстарды жинау және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза орта – жайлы өмір мен денсаулық кепілі. Сондықтан тазалықты сақтау әрқайсымыздың күнделікті өмір салтымыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Сағындық Шыңғыс Әбілқасымұлы
Қаражал қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры
