Бала – өмірдің мәні де, сәні де. «Бабаңның кім болғанын айтып мақтанға салынғанша, балаңның кім бо ларын ойлап уайымға салын» деген дана халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазір виртуалды әлемнің «әлегінен» аса алмай, «Әй, балам!» деп әудемжерден шақырсаң, «Әу, апалап» алдыңа ке летін баланы күтемін дегенше, шайың суып кететін мына заманда өткеніне үңіліп, ертеңіне азық жинап, «Мен осы кім боламын?» деп ойлайтын бала азкем шығар. Дегенмен, Президенттің Ба лалар жылын белгілегені өс келең ұрпақтың келешегі кемел болуына айтар лықтай сеп болғаны сөзсіз.
Міне, осы Балалар жылы аясында Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығында дарынды балалардың өнерге қызығушылығын арттыру, дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында Гүлім Аханованың жетекшілігімен «Жас дарын — 2022» балалар шығармашылығының фес тиваль-байқауы ұйымдастырылған болатын.
Ереже бойынша іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен балалар байқауға жолдама алды. Фестиваль 6-9, 10-12 жас аралықтары бойынша 4 түрлі жанрда өрбіді.
Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келсек, вокал жанры бойынша 6 жастағы Айару Серік, 10 жастағы Дария Серік I дәрежелі, 11 жастағы Аружан Ибрахим II дәрежелі дипломмен марапатталды. Көркемсөз оқу жанры бойынша 6 жасар Даяна Умурзакова мен 9 жасар Жания Алпысбай I дәрежелі дипломды еншілесе, аспапта ойнау жанры бойынша 10 жастағы Ұлықбек Балкенов I дәрежелі, 11 жасар Алдияр Өркентай II дәрежелі дипломмен марапаттталды.
Хореография жанры бойынша 10 жастағы Инабат Қайрат III дәрежелі, 10 жасар Анастасия Усенко мен 12 жасар Толқын Қадылова II дәрежелі диплом иеленсе, 9 жасар Жасмин Ауданбай мен 10 жасар Инабат Абдухан I дәрежелі дипломға ие болды.
Осылайша «Жас дарын-2022» байқауы өз мәресіне же тіп, барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Келісті кештің ажарын енгізіп, сәнін кіргізген жүргізушілер Чолпанай Асанова мен Балауса Бақтияр сынды талантты бүлдіршіндерге Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығы қызметкерлері ерекше ықылас білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Иә, бұл байқау Қаражалдың жас дарындары келешекте үлкен сахналарда өнер көрсету мүмкіндігін иеленіп, өңір халқының мерейін өсіреді деген сенімнің іргетасын нығайта түсті.