Жуырда Балалар жылы аясында Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-тəжірибелік орталығы Ақтоғай ауданына қарасты Бектауата шатқалы маңындағы «Факел» балаларды сауықтыру лагерінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Сарыарқа– пікірталас аймағы» атты I облыстық пікірсайысшылар слетін өткізген болатын.
Бəсекелі додаға қаладағы №7 ЖББМ қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі Мəдина Кеңесованың жетекшілігімен №7 жəне №3 ЖББМ 9-10 сынып оқушылары Карина Алиева, Ксения Антоненко, Нұрай Кеңес, Зейнеп Жылқыбай қатысты. Сынға түскен 37 топтың арасында басқалардан басымдықтаныту – қиынның қиыны, əрине. Десек те, олар тартысқа толы дебатта əдемі де, тұщымды ой түйерлік сөз саптау қабілеттерін айғақтай білді. Соның нəтижесінде мақтау қағаздары мен 20 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы сертификатын еншілеп оралды.
Мектеп оқушыларын сайысқа дайындаған Мəдина Жұмағазықызының еңбегі де еленіп, ұйымдастырушылар тарапынан берілген марапат қағазына ие болды.
Жүлдеге қол жеткізіп, жүйрік атанбаса да, алғаш рет ұйымдастырылған облыстық деңгейдегі пікірсайыста белсенділік танытқан оқушылардың ұтқырлығы тұстастарына үлгі болары анық
Балшырын АМАНТАЙ