Қасиетті Ұлытау жерінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясы мен Ұлытау облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен өтті.
Семинар барысында ауыл мектептерін дамыту, білім сапасын арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
💬 Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова:
«Біздің мақсатымыз – әрбір ауыл мектебін заманауи білім беру орталығына айналдыру», – деп атап өтті.
Қатысушылар киберқауіпсіздік, жасанды интеллектті білім беру үдерісінде қолдану, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.
👥 Семинарға 200-ге жуық педагог қатысты. Нәтижесінде ауылдық білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
