10.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКАНДИДАТТАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ10.11.2026
Руханият

Жезқазғанда Абай күніне арналған музыкалық-әдеби кеш өтті

10.08.2026 · 19:27 · admin

Бүгін Жезқазған қаласында Абай күніне арналған «ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты музыкалық-әдеби іс-шара өтті.

Іс-шара «Абай үні» атты театрландырылған поэтикалық композициямен бастау алды.

Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Бұл – қазақтың ұлы ақынына деген құрмет пен тағзымның, оның мол рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Шара барысында Абайдың шығармашылығы кеңінен дәріптеліп, ақынның өлеңдері мен әндері орындалды.

Кештің ерекше бөлімі – «Ашық микрофон» айдарында қатысушылар Абайдың жүректеріне жақын шығармаларын мәнерлеп оқып, ұлы ақынның мұрасы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Абай күні құтты болсын жерлестер!