10.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКАНДИДАТТАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ10.11.2026
Ақпарат ағыны

КАНДИДАТТАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

10.11.2026 · 17:53 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Абай Нұрланов Жәйрем кентіндегі аурухана ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты мәселелерге тоқталып, партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды таныстырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды міндеттер мен бастамалар талқыланды.

Кездесу соңында медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.