Жасөспірім бокшылар жетістігі

Шағын ғана кеншілер қаласы деген атымыз болмаса, спорт, мәдениет, өнер саласынан да облыс аумағы бойынша осал емеспіз. Неге десеңіз, қай сала болмасын жерлестеріміз бәсекеде дес бермейтіні анық.

Былтыр ғана ашылған бокс секциясынан бірнеше жүлдеге ие болыппыз. Ол жайлы бірі білсе, бірі білмес. Алайда, қала әкімдігінің қолдауымен Серік Шайхинның бастамасымен бастау алған бұл секцияның қазір спортшылары да біршама көбейді және машықтанды.

Осы жылдың 4-6 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында бокстан «Academy of sports» CK кубогына республикалық турнир өтті. Біздің боксшыларымыз да шаршы алаңда керемет өнер көрсетіп қайтты. Олар 2008-2011 жылғы жасөспірімдер, яғни, 52 келі салмақ дәрежесі бойынша К.Бганцев 1 орын иеленді. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен С.Рахвалов 2  орынға ие болды. Сондай-ақ, 2-ші орынға +60 келі салмақ дәрежесі бар Ә.Тлеуов және 32 келі салмақ дәрежесі

Ал өткен аптада Теміртау қаласында өткен «Жастар» кубогының додасына 10 жерлес спортшымыз қатысты. Шаршы алаңда қарсыластарын шыр көбелек айналдырып, соқының үстіне соққы берген сайын ұпай саны да көбейе түсті. 1 орынға 56 келі салмақ дәрежесі бойынша Ә.Қуаныш шықты. 60 келі және 50 келі салмақ дәрежелері бойынша күміс мадальді Ә.Тлеуов пен С.Киікбай еншіледі. 34 және 32 келі салмақ дәрежелері бойынша 2 орынға А.Шайхин мен А.Мұрат ие болды. бойынша Ұ.Сапарбеков табан тіреді. 32 келі салмақ дәрежесі бойынша А.Шайхин қола медалін місе тұтты. Сондай-ақ, қыздар арасында 30 келі салмақ дәрежесі бойынша Б.Қайруллова 2 орынды иеленді.

Шамалы уақыт ішінде керемет жетістіктермен оралған боксшыларымыздың жеңісіне әлбетте тақымын қысқан бапкердің еңбегі зор. Бәлкім сол бапкер дәл осы күні болашақ Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов сияқты былғары қолғап шеберлерін жаттықтырып жүрген шығар?! Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылар біздің өңірден шығатынына нық сенеміз. Жеңісті күнде жолыққанша!

Мөлдір ХАМИТҚЫЗЫ