Жалынды жастармен – жарқын болашаққа

Сәрсенбі күні Жәйрем кентінде «Жалынды жастар» форумы өтті. Биік-биік белесті бағындырар жарқын болашақтың жұлдыздай жарқ еткен жастары, кент әкімі Қайрат Жансағымов пен Қаражал қалалық мәслихатының депутаты Марлан Шамбуловтың қатысуымен жергілікті халқымыздың әлеуеттік өзекті мәселелерін көтерген кең отырыста өз ойларын ортаға салды.

Тәуелсіз Қазақстанда өмірге келген бейбітшілік заманның белсенді, білімді жастары халықтың арқасүйер үміттері болып, ел тізгінін өз қолдарына алуға дайын тұр. Жастардың рухы халқымызды үлкен жетістіктерге жеткізері сөзсіз.
Форум барысында кентіміздің өзекті болып тұрған сұрақтарына жастар өз ұсыныстарын білдірді. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені барлығымызға аян.

Асылбек Тұрабеков,
«Қаражал қаласы
Жастар ресурстық
орталығы» КММ маманы.