Мерейтой иелері – комбинат мақтанышы

Жәйрем кен байыту комбинатының Ардагерлер кеңесінде есеп беру кездесуі өтті. Онда 2023 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып, ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар ұсынылды.

Ардагерлер кеңесінің «Жәйрем КБК» АҚ Кәсіподақ комитетінің жанында жұмыс істеп жатқанына көп жыл болды. Оның қамқорлығында 340 бұрынғы комбинат қызметкері бар. Кеңес төрағасы Аманкелді Қойшыбаев, хатшысы Гүлбарам Қуанышева өз командасымен өте белсенді жұмыс істеуде. Кәсіпорыннан зейнетке шыққан бірде-бір адам назардан тыс қалмайды.
– Біздің ардақты зейнеткерлеріміздің әрбірі – компания үшін құнды. Бұл адамдардың комбинаттың және Жәйремнің болашағына қосқан үлестері ұшан-теңіз, жастармен жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибелерімен бөлісті, – дейді «Жәйрем КБК» АҚ Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Гауһар Наурызбаева. – Кеңес мүшелері ардагерлеріміздің барлық қажеттіліктерін біледі, егер біреу көмекке мұқтаж болса, қажет болған жағдайда кәсіподаққа, еріктілерге жүгінеді. Кеңестің міндеттеріне құрметті демалысқа шығатын жаңа зейнеткерлерді қабылдау, оларға көмек бөлу, Қарттар күнімен, Жаңа жылмен, 8 наурыз, Отан қорғаушылар күнімен құттықтау кіреді. Жыл сайын ардагерлер үшін скандинавиялық жүрістен, шахмат және дойбыдан жарыстар өтеді. Кеңес шипажайлық-курорттық емделуге жеңілдікті жолдамалар береді, төмендетілген бағамен көмірді жеткізуді ұйымдастырады.
Есеп беру кездесуінде бұл жолы 65, 70, 75, 80 және одан да көп жасқа толған мерейтой иелерін салтанатты түрде құттықтады. Еңбек ардагерлері бір-бірімен жүздесіп, өндірісте өткізген уақыттарын еске алып, өткен-кеткенді айтып, қауқылдасып арқа-жарқа болып қалды. Олардың әрқайсысына кәсіподақ атынан мақтау қағаздары, қаржылай сыйақы және естелік сыйлықтар табысталды.

Алена ЕРМОЛАЕВА