«2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасауға болады.
2023 жылы дербес төлеушілер әр ай сайын ең төменгі жалақының 5% немесе 3500 (бір жылға 42000) теңге төлейді.
Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі. Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) і ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді.
Егер БЖТ-ны қате төленген болса, онда төлемді «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып алуға болады.
Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет.Төлем келесі 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса да, онда мәртебе берілмейді️.
Егер келер жылдың төлемі 2022 жылы сол жылға бекітілген 3000 теңге көлемінде жүргізілген болса, дербес төлеушілер автоматты түрде сақтандырылады. Яғни, оларға 2023 жылға қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Дегенмен, мұндай мүмкіндік өткен жылдың 31 желтоқсанында аяқталғанын еске саламыз. Қазір дербес төлеушілер 2023 жылға ай сайын 3500-ден төлеуі қажет.
“ӘМСҚ» КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы