Мемлекеттік рəміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай, Қаражал қаласының мəдени-сауық орталығында салтанатты жиын өтті. Мерекелік реңдегі жиынға қала əкімі Тілектес ДОСАЕВ қатысып, қажырлы еңбегімен өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген бір шоғыр азаматқа Алғыс хаттар табыс етті.
Көрермен көңілін Отанға деген асқан сүйіспеншілік кернеуіне дəнекер болған «Отан-Ана» композициялық қойылымымен басталған іс-шара тартымды концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Айрықша назар аударар жайттың бірі – Мемлекеттік рəміздер мерейтойы аясында қала мектептерінің оқушылары мен балабақша тəрбиеленушілері арасында «Мен Əнұранымды білемін» атты челлендждің ұйымдастырылуы. Ол əлі де үздіксіз жалғасын табуда.
Сонымен қоса, 3 маусым күні Қаражал қаласының ардагерлер ұйымы Мемлекеттік рəміздердің 30 жылдығына арналған ардагерлер арасындағы бұқаралық сипаттағы спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Оның бағдарламасында орталық алаңда скандинавиялық тəсілмен жүруден, мəдени-сауық орталығында дойбы мен үстел теннисінен жарыс өткізілді.
Үстел теннисінен өткен бəсекелі сайыс қорытындысында жүлделі ІІІ орынды Ауданбай Асанбаев, ІІ орынды Есенгелді Кенжеғаринов, алІ орынды Тахир Кунакбаев жеңіп алды. Дойбы ойындары нəтижесіндеІІІ орынға Нұрым Кəдірсізов қол жеткізсе, ІІ орынды Мешітбай Омаров еншіледі. Əдемі ойын өрнегін көрсеткен Əйкен Садықовқа І орын жүлдесі бұйырды.
«Рəміздер – киелі құндылық» тақырыбы телінген дөңгелек үстел отырысында ардагерлер қауымы көшелі ойлары мен кесімді пікірлерін ортаға салды.
Балшырын АМАНТАЙ