Кәсіби бағдар ұстаханасы

Жәйремде қалауына қарай қажетті мамандықтарға оқытуда. Кентте бірнеше жылдан бері «Казцинктің» қолдауы­мен құзыреттілікті дамыту Орталығы жұмыс істейді.

Онда қажетті мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасқысы келген тұрғындар үшін курстар өткізіледі.

Биыл Орталықта үш мамандық бойынша оқытты: флотатор, реагенттер үлестеуші және газэлектр дәнекерлеуші. Олардың әрқайсысы бойынша он адам дайындықтан өтті. Атап өтерлігі – тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді және медқараудан өту ақысы да төленеді.

Оқушылар өндірістік тәжірибеленуден Жәйрем кен байыту комбинатының алаңдарында өтеді. Орталық түлектері ЖКБК-нің кадр резервіне тіркеледі де бос орын пайда болған кезде алдыңғы үміткер ретінде қарастырылады.

Өз тілшіміз.