Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман алғаш рет Ұлытау облысына келді.
Сапар барысында елші облыс әкімі Дастан Рыспековпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өнеркәсіп, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмастырды.
Облыс басшысы халықаралық серіктестікті кеңейту Ұлытау экономикасына тың серпін беретінін атап өтті.
Өз тілшімізден.
