Бүгінгі күннің басты тақырыбы – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум. Соның аясында маңызды саяси науқанды қолдау мақсатындағы республикалық штаб құрылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Осы орайда «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалы жанынан жасақталған штаб өңір тұрғындарын қапысыз ақпараттандыруда.
Атап айтатын болсақ, Қаражал қаласы бойынша алғашқы отырысты «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының жауапты хатшысы Айгүл Мəуленина өткізді. Ол депутаттармен кездесіп, атқарылуы тиіс жұмыс ауқымына сипаттама беріп, 5 маусымда өтетін республикалық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті. Дəл осындай тақырыптағы кездесулер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Қаражал қаласы халыққа қызмет көрсету бөлімі», №7 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы, «Нұрлы білім» бастауыш партия ұйымының мүшелері, Орталық кітапхана жəне Орталық аурухана ұжымдары, «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің жұмыскерлері, «Қаражал тау-кен техникалық колледжі» КММ ұстаздар жəне қалалық полиция бөлімі қызметкерлерімен де өткізілді.
Сонымен қатар, Қаражал қалалық мəслихатының хатшысы, «АMANAT» партиясы қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Зəмзагүл Оспанова Қаражал қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жəне ұлттық сараптама орталығының Қаражал қаласы бойынша бөлімшесінің қызметкерлері, Шалғы кентінің тұрғындары жəне көпбалалы аналармен кездесулер ұйымдастырып, Ата Заңға түзетулер енгізудің маңыздылығы туралы ақпарат берді. Басқосу барысында Зəмзагүл Қажымұқанқызы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына мəн беріп, дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, əр бапқа қатысты орын алатын өзгерістерге жеке тоқталды.
Əр мерзімде өткен кездесулерге қатысушылар референдумды өткізу бастамасын қолдайтынын жəне Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындарын жеткізді.
Өз тілшімізден.