01.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖаңаарқа ауданының Түгіскен ауылы «Үздік ауыл» атанды!31.10.2026
АЭС: Референдум-2024

Біз азаматтардың дұрыс таңдау жасағанына сенімдіміз

07.10.2024 · 16:12 · admin

Кеше Қазақстан үшін тарихи күн болды: халық елдің энергетикасының болашағын анықтайтын, Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылдады. Ядролық физика институтының қызметкерлері бұл жобаны қолдап, 20 аймақта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған 13 мыңға жуық адам қатысты.

Халық штабының оң рөлін атап өтпеу мүмкін емес, оның жұмысына мен де белсене қатыстым. Бізге жүктелген міндет жоғары деңгейде орындалды деп есептеймін. Қазақстан халқы атом электр станциясын салу және атом саласын одан әрі дамыту қажеттілігін қолдады.

Біз азаматтардың дұрыс таңдау жасағанына сенімдіміз.

Өз кезегінде Ядролық физика институты бұл саланы, соның ішінде ядролық технологияларды дамытуға және болашақ АЭС үшін мамандар даярлауға бар күшін салады. Бізде барлық қажетті инфрақұрылым, яғни студенттер мен болашақ атом станциясының қызметкерлері тәжірибе мен қайта даярлықтан өте алатын зерттеу реакторы бар.

Біз азаматтар жасаған таңдау Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін тағдырлы болады деген сенімдеміз.

Сахиев Саябек

Генеральный директор ТОО «Казахстанские атомные электрические станции»