28.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы28.10.2026
Ақпарат ағыны

Бекзат Алтынбеков Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

25.01.2022 · 08:18 · admin

Бүгін Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Бекзат Алтынбеков тағайындалды. Бұл туралы партияның облыстық саяси кеңесінде мәлім болды. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасарын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz

— Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының және орталық аппаратың шешімі бойынша Бекзат Алтынбеков облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, бұған дейін партияның облыстық филиалы төрағасының лауазымында болған Қадиша Оспанова  облыстық мәслихатқа жұмысқа ауысты. Ол Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы лауазымына тағайындалды.